Алматыда алып бала дүниеге келді

Алматыда алып бала дүниеге келді
Сурет: Inform.kz

Дүниеге келген сәбидің салмағы - 6,2 келі, бойы - 66 сантиметр 

Кішкентай алып Алматы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына кесар тілігімен дүниеге келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның салмағы 6 келі 280 грамм, бойы 66 см.

«Тұңғыш баласын өмірге әкелген 20 жастағы ананың жағдайы қазір қанағаттанарлық. Сәби анасының қасында. Жаңа туған нәрестенің денсаулығы өте жақсы, ол дәрігерлердің бақылауында», - деді орталық директоры Гүлнар Нұрланова.

Директордың айтуынша, бұл Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында мұндай салмақпен туған алғашқы оқиға.

«Бізде аналар үлкен салмақпен сәбилерді дүниеге әкеп жатады. Соңғы рет салмағы 5, 8 келі нәресте дүниеге келген болатын. Бірақ біздің орталықта 6 келі 280 грамм бірінші рет болып отыр», - дейді Гүлнар Нұрланова.