Тәуелсіздік алу әрқайсымыз үшін нағыз жеңіс болды - желтоқсаншы

Тәуелсіздік алу әрқайсымыз үшін нағыз жеңіс болды - желтоқсаншы
Cурет: Алматы әкімдігі

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерей тойы 

«Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» концертіне қатысқан ардагерлер үйі бірлестігінің мүшесі Рашида Жексембаева өз әсерімен бөлісті.

«Мен бүгін желтоқсан оқиғасына қатысушыларды еске алып, Тәуелсіздіктің қалыптасуына қосқан үлесімізді бағалағанымызға ризамын. Ол кезде мен 22 жаста едім, Қазақстанға еркіндік берген Желтоқсан көтерілісіне қатыстым. Тәуелсіздік алу әрқайсымыз үшін нағыз жеңіс болды. Баршаңызды мерекемен құттықтағым келеді, ол барлық қазақстандықтарды біріктірсін. Бүгінгі іс-шарадан алған әсеріміз ғажап. Сценарий шынайы жазылған әрі видеобейнелер бірге көрсетілді. Көп рахмет!»,-деді ол.