Біз қазір Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында тұрмыз - Всеволод Лукашев

Біз қазір Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында тұрмыз - Всеволод Лукашев
Cурет: Алматы әкімдігі

«Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» концерті

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған концертке қатысқан Қазақстандық орыс мәдени орталығының төрағасы, Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Всеволод Лукашев өз әсерім ен бөлісті.

«Біз маңызды күн – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында тұрмыз. Жақында қалада тағы бір айтулы оқиға болды-Алматыда қалалық Достық үйі ашылды, бұл Қазақстанның жетістіктерінің бірі ортақ шаңырақ астында өмір сүретін халықтардың татулығы мен келісімі болып табылатынын тағы да дәлелдейді. Бүгін салтанатты жиында ұйымдастырушылар мен әртістерге сыйға тартылған концерт, жақсы көңіл-күй үшін алғыс айтқым келеді. Бағдарлама өте жақсы қойылған, сахналық безендіру өте тартымды»,-деді ол.