Тұздыбастау ауылында балон жарылып, анасы мен ұлы ауруханаға түсті

Тұздыбастау ауылында балон жарылып, анасы мен ұлы ауруханаға түсті
Сурет: ашық дереккөз

 Алматы қаласының іргесінде орналасқан Тұздыбастау ауылында газ балоны жарылып, анасы мен ұлы ауруханаға түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2 тамыз сағат 18:07-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментіне алдын ала мәлімет бойынша Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында Достық көшесіндегі жеке тұрғын үйде тұтанусыз газ-ауа қоспасының тарсылы болғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жіберілді.

Осы үйден 2 адам: 1981 жылы туған әйел (3 дәрежелі күйік, жағдайы ауыр) және 2001 жылы туған ұлы (2 дәрежелі күйік, жағдайы ауырлығы орташа дәрежеде) облыстық ауруханаға жатқызылды.

Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.