Түрксіб ауданындағы электр желілерінің 70%-ы тозған

Түрксіб ауданындағы электр желілерінің 70%-ы тозған
Сурет: Kazgazeta.kz

Бұл туралы қала басшысы тұрғындармен кездесу барысында айтты.

Осы проблеманы шешу үшін «Тұздыбастау» подстанциясы салынып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Түрксіб ауданында электрмен жабдықтау желілерінің 70%-ы тозған. Соның салдарынан желілер жиі үзіліп, жарық сөніп жатады.

«Қалаға қосылған "Қайрат", "Әлмерек", "Нұршашқан" шағынаудандарының желілері әбден тозған. Онда желілер қуатты Талғар аудандық электр станциясынан алады. Ал станцияның алыс орналасуы электр энергиясының тұрақты берілуіне де кері әсер етеді», – деді Досаев.

Осы проблеманы шешу үшін «Тұздыбастау» подстанциясы салынып жатыр. Құрылысы 2022 жылдың желтоқсан айында аяқталады.

«2022 жылдың соңына дейін "Шуақты" шағынаудандағы электр желілері жаңартылады. Сосын аудандағы 26 жердегі жалпы ұзындығы 21,1 км желілерді жаңарту жұмыстары аяқталады», – деді қала әкімі.