Түрксіб ауданында ескі тұрғын үйлерді қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда

Түрксіб ауданында ескі тұрғын үйлерді қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда
Сурет: ашық дереккөз

 2023 жылы 5 үй (121 пәтер) салынды, оған жақын маңдағы ескі үйлердің тұрғындары қоныс аударды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Биылғы жылдың 2-ші тоқсанында тағы 13 үйдің құрылысы аяқталмақ. Сондай-ақ «Алтай-2» шағын ауданында жеке құрылыс салушы 54 үйді қайта жаңартуды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда 6 үй (43 пәтер) сатып алынып, 2 тоғыз қабатты үйдің (100-ден астам пәтер) құрылысы басталады. 2023 жылы Молдағалиев көшесі мен Чехов көшесіндегі жаяу-серуендеу аймағын жайластыру, №6 Оқушылар үйі мен әуежайдың жанындағы 2 скверді қайта жаңарту бойынша бірқатар жаңа жобалар іске асырылды, деп айтты Алматы қаласының әкімі Е.Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде.