Түркияның Ахлат қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

Түркияның Ахлат қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Сурет: Inform.kz

Қазақстанның Түркияда сегіз Құрметті консулдығы бар.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, Түркия шығысындағы Ахлат қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Құрметті консулдықтың ашылуына Битлис провинциясының губернаторы, депутаттар, қала мен аудан мэрлері, провинцияның алдыңғы қатарлы өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Өкілдіктің тұсаукесер салтанатында Елші Абзал Сапарбекұлы бүгінгі ерекше іс-шара бауырлас елдер Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың мерейлі 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ стратегиялық әрі сенімді нысанда қалыптасқан екіжақты ынтымақтастыққа назар аударды. Осы ретте, тарихи маңызы бар Ахлат қаласында Құрметті консулдықтың ашылуы екі елдің рухани-мәдени, экономикалық қарым-қатынастарының дамуына оң септігін тигізетініне сенім білдірді.