Түркияда тұрақты туризм конференциясы өтуде

Түркияда тұрақты туризм конференциясы өтуде
сурет: ашық дереккөз

GSTC – туризм мен саяхатты дамытудың жаһандық шарттарын белгілейтін ұйым.

Антальяда GSTC тұрақты туризм конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Түркия биыл алғаш рет GSTC тұрақты туризм конференциясын өткізіп жатыр. Конференция елдің туризм астанасы – Анталияда бүгін басталып, 12 мамырда аяқталады.

Тұрақты туризм мен саяхат үшін жаһандық стандарттарды белгілейтін және осы стандарттарды іске асыруды қадағалайтын Жаһандық Тұрақты Туризм Кеңесі (GSTC) биылғы басқосуға Түркияны таңдады. GSTC – туризм мен саяхатты дамытудың жаһандық шарттарын белгілей отырып, тұрақты дамытуды қамтамасыз ететін коммецрялық емес ұйым.

Сонымен қатар тұрақты туризмнің ең өзекті мәселелерін талқылау үшін әлемдік көшбасшылармен түрлі шараларды жүзеге асырады. Пандемияға байланысты екі жыл қатарынан онлайн режимде өткен конференциялар сериясы былтыр Испанияның Севилья қаласында ұйымдастырылған.

Түркия да қатысқан 2022 GSTC Тұрақты туризм конференциясында 2023 конференциясының Түркия Туризмді алға жылжыту және дамыту агенттігі (TGA) тарапынан білдірілген ұсыныстан кейін Антальяда өтетіні жарияланды. Жиында қатысушылар үшін арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, Түркияның Ұлттық тұрақты туризм бағдарламасы талқыланды.