Түркияда Қазақстанның екі азаматы ұсталды

Түркияда Қазақстанның екі азаматы ұсталды
Сурет: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі Түркияның құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесіп, іздеуде жүрген екі Қазақстанның азаматын ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Олар 2024 жылдың 3 сәуірінде Ыстанбұл қаласынан Алматы қаласына жіберілді.

«Ұсталғандар аса ірі мөлшерде алтынның экономикалық контрабандасымен айналысқан деген күдікке ілінді. Сондай-ақ олар трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған басшылық еткен. Айыпталушылар тергеу изоляторында отыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды», делінген ҰҚК хабарламасында.