Түркістан облысында жалған нотариус анықталды

Түркістан облысында жалған нотариус анықталды
polisia.kz

Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын алаяқтық қылмысы бойынша сотты болған 39 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Белгілі болғандай, күдікті жер телімі бойынша тұрғындарға өзін нотариус қызметкері ретінде таныстырып, алдаған. Жәбірленушілерден қызметі үшін алдын ала ақша алған.

Сондай-ақ тексеру барысында тәртіп сақшылары жалған нотариустың дәл осыған ұқсас 4 жайтқа қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге 1 миллион теңге шығын келтірген.

Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.