Түркіменстанда бір жылда 33 мереке аталып өтеді

Түркіменстанда бір жылда 33 мереке аталып өтеді
Сурет: Aa.com.tr

Бүгін - Түркіменстанда тәуелсіздік күні.

Осыған орай, Түркіменстан жайлы қызықты деректердің біразын назарларыңызға ұсынуды жөн санадық:

          1.Түркіменстанда тек бір ғана мобильді оператор байланысы жұмыс істейді.

  1. Түркіменстанда түрікменмен қарым-қатынасты заңдастыра отырып, мемлекеттің шотына 50 000 доллар салу қажет деген заң бар.
  2. Түркіменстан халқының үлкенге, әсіресе аналар мен әкелерге деген құрметі зор.
  3. Бұл елде зират (бейіт) жанынан өтіп бара жатқан кезде музыканы өшіру керек.
  4. Кілемдерге арналған жалғыз музей осы елде бар.
  5. Түркіменстан алабайы – бұл ұлттық қазына.
  6. Түркіменстанның ақша бірлігі – манат.
  7. Түркімендер жылқы етін жемейді.
  8. Түркіменстанда интернет шектелген.
  9. Түркімендердің отбасында ер адамдар басты орында.
  10. «Тозақ қақпасы» деп аталатын газ кратері – Түркіменстанның әйгілі көрікті жері. Онда 1971 жылдан бері газ жанып тұр.
  11. Көзге үйреншікті үй жануарларымен бірге, Түркменстанда түйеқұстарды да көшеде серуендетіп жүре береді.
  12. Түркіменстан туының түсі – жасыл.
  13. Кілем - Түркіменстанның ең танымал бренді.
  14. Түркіменстанда бала дүниеге келгенде, кілем тоқу керек.
  15. Түркіменстандағы ең құрметті кәуап ешкі етінен жасалғаны болып саналады.
  16. Түркімендер үшін музыка өмірдің мәні болып саналады.
  17. Түркіменстан - Азия аумағында орналасқан ең қауіпсіз мемлекеттердің бірі.
  18. 1948 жылы Ашхабадқа жер сілкінісі қауіп төндірді, сол кезде шамамен 110 мың түрікмен қаза тапты.
  19. Түркіменстандағы ең қолайлы маусым – көктем мезгілі.
  20. Егер Түркіменстанда бала жаңбырлы ауа-райында туылса, оған көбіне Жаңбыр деген есім береді.
  21. Қауын – бұл елде ерекше құрметтеледі, сол себепті де оны еңбексүйгіштік пен шеберліктің символы деп санайды.
  22. Түркіменстанда орналасқан динозавр үстіртінің ұзындығы 400 метр
  23. Түрікмен қалыңдықтары күміс бұйымдарының ең көп санына ие.
  24. Ашхабад Түркіменстанның астанасы ғана емес, әлемдені ең ыстық қалалардың бірі болып саналады.