Елде қанша адам ревакциналаудан өтті?

Елде қанша адам ревакциналаудан өтті?
Сурет: Яндекс.Дзен

Бұл турасында Үкімет жиынында мәлім етілді

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде қанша адам ревакцина алғанын жария етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Республика бойынша ревакциналауға жататын халықты қамту 26,8 пайызды құрап отыр. 800 мыңнан астам адамға екпе егілді», - деді министр.

Оның дерегінше, үш өңірде, атап айтқанда, Атырау, Түркістан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында қамтылу деңгейі өте төмен. Небәрі 13 пайыздан 17 пайызға дейін ғана.

«Барлық өңірлерде вакциналау мен ревакциналау қарқынын арттыру қажет. Бұл - бүгінгі күні ауруханаға түсудің, коронавирус инфекциясынан болатын ауыр ағым мен өлімнің алдын алудың жалғыз тәсілі саналады», - деді Ажар Ғиният.