Төтенше жағдайлар мен Экология министрлігіне қосымша тексеру жүргізілуі мүмкін

Төтенше жағдайлар мен Экология министрлігіне қосымша тексеру жүргізілуі мүмкін
Сурет: Kt.kz

Ертең тексеру қорытындысын қарауға арналған жиын өтеді.

Жоғарғы аудиторлық палатаның төрайымы Наталья Годунова Төтенше жағдайлар министрлігі мен Экология министрлігіне қосымша тексеру жүргізілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ол Экология министрлігінің аудиті аяқталғанын, бірақ кез келген аудит барлығын қамтитын емес, іріктеп жүргізілетінін атап өтті.

"Менің ойымша, талқылап, тағы бір қосымша аудит жүргізу жөнінде шешім қабылдауымыз мүмкін. Бізде Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша аяқталмаған аудит бар. Өткен жылғы Қостанай облысында болған өртті, биыл  Абай облысында болған өртті, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Экология министрлігінің дайындығы болмағанын ескере отырып, қосымша шешім қабылдайтын шығармыз. Қосымша тексерулер қажеттігі жөнінде шешім қабылдауымыз мүмкін", деді Наталья Годунова.