Токиода қазақстандық боксер венгриялық қарсыласын жеңді

Токиода қазақстандық боксер венгриялық қарсыласын жеңді
Сурет: Olympic.kz

Венгриялық боксерді екі мәрте нокдаунға жіберді.  

Токио Олимпиадасында боксшылар додасының шымылдығы түрілді. Қазақстан командасы сапынан алғаш болып Серік Теміржанов шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

57 келіде жұдырықтасқан Серік Теміржанов бірінші жекпе-жекте венгриялық Роланд Галошпен кездесті.

Аталған сын қазақстандық боксшыға айтарлықтай қиындық тудырған жоқ. Серік Теміржанов қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Есеп – 5:0. Енді ол 16/1 финалда эквадорлық Жан Карлос Кайседо Пачитамен жекпе-жекке шығады.