Тоқаев туған күнін тойламайды

Тоқаев туған күнін тойламайды
Сурет: Almaty.tv

17 мамыр – Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні.

Президент туған күнінде жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-тегі парақшасына жазды.

«Президенттің баспасөз қызметіне БАҚ-тан мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар түсіп жатыр. Осыған байланысты ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамырды жұмыс кестесіне сай өткізеді», - деп жазды Президент әкімшілігі басшысының орынбасары.

Сондай-ақ бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталатыны хабарланған.

«Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді», - деп атап өтті Руслан Желдібай.