«Тобыл» Қазақстан кубогының иегері атанды

«Тобыл» Қазақстан кубогының иегері атанды
Сурет: Prosports.kz

Кеше футболдан Қазақстан кубогының финалы өтті.

«Астана Аренада» өткен матчта «Ордабасы» мен «Тобыл» командалары кездесіп, қостанайлық клуб 1:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Жалғыз голды 68 минутта Ислам Чесноков соқты.

Осылайша «Тобыл» Қазақстан кубогының иегері атанды. Соның арқасында команда келесі маусымда Еуропа лигасына қатысады.

«Ордабасы» (Шымкент) - «Тобыл» (Қостанай) 0:0