Тыйым салынған құралмен балық аулағандар 15 тәулікке қамалады

Тыйым салынған құралмен балық аулағандар 15 тәулікке қамалады
Сурет: ашық дереккөз

Тыйым салынған құралдармен балық аулаған жағдайда салынатын айыппұл көлемі өседі және заңсыз әрекет қайталанған жағдайда айыптыны қамауға алу жауапкершілігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Әкімшілік құқық бұзу кодексіне сәйкес, тыйым салынған құралмен балық аулаған жеке және заңды тұлғаларға 20 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) айыппұл көзделген. Бүгінде біздің министрлік аталған кодекс баптарына тиісті өзгерістер енгізіп жатыр. Соның нәтижесінде айыппұл көлемін 50 АЕК дейін арттыру көзделіп отыр», - деді Аян Бахиянов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, айыпты бір жыл ішінде заңсыз әрекетін екінші рет қайталаса қамауға алынады.

«Заң бұзушы бір жылдың ішінде тыйым салынған құралмен балық аулау фактісі бойынша екінші рет ұсталса, яғни қайталаса, онда айыптыны 15 тәулікке қамау жазасы қарастырылады», - дейді Экология министрлігінің өкілі.