Тина Канделакидің өзі де, косметикалық бренді де елден жоғалатын болды

Тина Канделакидің өзі де, косметикалық бренді де елден жоғалатын болды
Сурет: Ulysmedia.kz

Ресейлік журналист Тина Канделакидің Ansaligy брендінің қазақстандық сайты  ашылмай тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қаңтар айында Тина Канделаки Қазақстанда орыс тілінің қолданыс аясы тарылып бара жатқанын айтып, дау тудырған еді. Кейінірек ҚР Сыртқы істер министрлігі Тина Канделакидің Қазақстанға кіргізілмейтінін мәлімдеген болатын.

Жақында Ansaligy брендінің тауарлары елдегі «Золтое яблоко», «Beautymania», «Mon amie» секілді ірі косметикалық дүкен сайттарынан жоғала бастады. Бренд тауарлары Ozon, Wildberries, Kaspi маркетплейстерінде ашық қолжетімді.

Сондай-ақ Ansaligy брендінің Ресей, Армения елдеріне арналған ресми сайттары жұмыс істеп тұр, ал Қазақстан, Өзбекстан сайттары уақытша қолжетімсіз.