«TikTok»-та ұйымдастырылып жатқан құмар ойындар - заңға қайшы

«TikTok»-та ұйымдастырылып жатқан құмар ойындар - заңға қайшы
Сурет: Jrnlst.ru

«TikTok» желісінде құмар ойындар таратылуда.

Бұл әрекеттер заңсыз деп саналады  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, негізінен бұл карта ойыны, сүйек лақтыру және онлайн рулетка. Барлық жерде принцип бірдей. Бәс тігуге шақырады. Оның төрттен бірі ұйымдастырушыда қалады, қалғанын жеңімпаз алады. Бәс тігулерді қабылдау және ұтыстарды беру банктік онлайн аударымдар арқылы жүзеге асырылады.

«Желілік талдау нәтижесінде біз онлайн ойынды тарататын 100-ден астам аккаунт анықтадық. Осы жерде ұйымдастырушылар мен қатысушыларға бұл әрекеттің заңсыз екенін ескертеміз. ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Қазірдің өзінде сотталғандар бар.

Мәселен, «TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырған Алматы қаласының 2 тұрғыны 4 айда 13 млн теңгеге жуық табыс тапқан. Тергеу қорытындысы бойынша олардың 1,5 жылға бас бостандығы шектелді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта сот «TikTok» желісінде ұқсас мазмұндағы контент үшін 4 ұйымдастырушыға қатысты іс қаралуда.

Құрметті азаматтар, осындай құмар ойындарға араласпауларыңызды сұраймыз. Бұл заңға қайшы. Сондай-ақ, ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, оның көретін контентіне және оның онлайн саудасына назар аударуын сұраймыз», - делінген хабарламада.