Tesla Шанхайда тағы бір гигафабрика салады

Tesla Шанхайда тағы бір гигафабрика салады
Сурет: ашық дереккөз

Америкалық автомобиль шығарушы компания Tesla Inc. Шанхай қаласында Megapack энергия жинақтау өндірісі бойынша жаңа гигафабрика салатынын мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шанхайда өткен жобалық құжаттарға қол қою рәсімінде хабарланғандай, жаңа зауыттың құрылысын бастау биылғы үшінші тоқсанға жоспарланған, ал өндіріс 2024 жылдың екінші тоқсанында іске қосылады.

Бастапқы кезеңде жаңа гигафабрика жалпы жинақталған энергиясы шамамен 40 ГВт/сағ болатын жылына 10 мың Megapack шығарады. Бұл зауытта өндірілген өнім дүние жүзіне сатылады.
Tesla сайтында атап өтілгендей, Megapack – бұл қуатты модульдік батареялар, олар энергияны сақтауға және энергетикалық қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оларды пайдалану энергия жүйесін тұрақтандыруға және электр қуатында іркілісті болдырмауға көмектеседі.
Зауыт Шанхайдағы пилоттық еркін сауда аймағының Линьган аймағында салынады.