Теннисші Елена Рыбакина Рим турнирінің үшінші айналымына шықты

Теннисші Елена Рыбакина Рим турнирінің үшінші айналымына шықты
Сурет: Championat.com

Қазақстандық теннисші американдық әріптесімен кездесті.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Қазақстандық теннисші екінші кездесуін дүниежүзілік рейтингте 102-орында тұрған америкалық Лорен Дэвиспен өткізді.

Бұл олардың спорттық жолындағы өзара бірінші бәсекесі еді.

Бірінші партияда Елена Рыбакина 4:1 есебімен алға кеткенімен, қарсыласы таразы басын теңестірді – 4:4. Дегенмен, Елена тағы бір брейк жасап, сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 6:4.

Екінші сетте қазақстандық теннисші 3:0 есебімен алға кетті. Содан кейін осы басымдылығынан айырылған жоқ – 6:3.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матч барысында Елена Рыбакина 6 эйс жасап, 4 брейк-пойнтты түгел пайдаланды. Қарсыласы 2 брейктен (8 брейк-пойнт) аса алған жоқ.

Елена Рыбакина жүлде қоры 2,5 млн еуродан асатын доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, чехиялық Каролина Плишкова немесе рейтингте 29-сатыдағы швейцариялық Хиль Белен Тайхманның біреуімен таласады.

Бүгін сондай-ақ, Юлия Путинцева Римде әлемнің 10-ракеткасы, испаниялық Гарбинье Мугурусамен ойнайды.