Темекі бағасы қымбаттайды

Темекі бағасы қымбаттайды
Сурет: Inform.kz

Қаржы министрлігі «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» бұйрыққа түзетулер әзірледі.

Нақтырақ айтқанда, фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағасын мынадай мөлшерде белгілеу ұсынылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

  • 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 710 теңге;
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 770 теңге.

Түсіндірілгендей, темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасының көтерілу себептері: 

  • 2023-2024 жылдары акциз мөлшерлемесінің 14% артуы;
  • импорттық шикізат пен материалдардың құны орта есеппен 20% артуы;
  • темекі өнімдерінің шикізаты мен құрамдас бөліктерін логистиканың айтарлықтай күрделенуі;
  • 2022 жылы инфляцияның 20,3%-ға дейін өсуі.

Темекі мен темекі шегуді тарату мен пайдалануды қысқарту аясында темекі бағасы да көтеріледі.

Бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді деп көзделіп отыр.

Құжат 19 мамырға дейін Ашық НҚА сайтында жарияланған.