Телеграмды қазақ тілінде қолдануға болады

Телеграмды қазақ тілінде қолдануға болады
Almaty-akshamy.kz

Бүгіннен бастап Telegram қосымшасын қазақ тілінде қолдануға болады

Қазақ тілі Telegram тілдерінің тізіміне ресми түрде енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгін Telegram әлеуметтік желісінің тілдік параметрлеріне мемлекеттік тіл ресми түрде енгізілді.

Қазақ тілін iOS және Android жүйелерінде, сондай-ақ қосымшаның веб-нұсқасында қолдануға болады.

Тілді өзгерту үшін параметрлерге өтіп, «тілді» таңдап, Kazakh тілі батырмасын басу керек