Telegram-боттар бұғатталып жатыр

Telegram-боттар бұғатталып жатыр
Сурет: интернеттен

Мұндай Telegram-боттардың иелері адамдардың жеке деректерін жинай алады.

Мәселен, 28 қазанда бұғатталған Telegram-боттың қызметі азаматтардың құпиялылығына және олардың дербес деректерінің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жасап.

Мұндай Telegram-боттардың иелері ID, аты, тегі, лақап аты, "өзі туралы" бөлім және қосымшада орнатылған тіл арқылы адамдардың жеке деректерін жинай алады.

"Дербес деректердің таралып кету қаупін азайту және оларды заңсыз жинау және өңдеу фактілерінің жолын кесу мақсатында азаматтарды мұндай Telegram-боттарды пайдаланбауға және насихаттамауға, сондай-ақ өздерінің дербес деректерін жалпыға қолжетімді көздерде және әлеуметтік желілерде қалдырмауға шақырамыз", - дейді министрлік өкілдері.

Мұндай Telegram-боттардың иелері ID, аты, тегі, лақап аты, "өзі туралы" бөлім және қосымшада орнатылған тіл арқылы адамдардың жеке деректерін жинай алады. Оған қоса, аккаунтқа кіру, жазбаға қол жеткізу және пайдаланушы атынан хабарлама жіберу мүмкіндігі бар.

Министрлік осындай Telegram-боттар анықталған жағдайда бірден хабар беруді сұрап отыр.