Алматыда кәріз люктерін ұрлағандар ұсталды

Алматыда кәріз люктерін ұрлағандар ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Медеу ауданының екі тұрғынының шойын қақпақтарды ұрлаудың бес эпизодына қатысы бар болып шықты.

Ұрлық жасады деген күдікке ілінген 27 жастағы С.есімді азамат пен 23 жастағы К.есімді азамат ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Ұсталған адамдар істеген істерін мойындап, ақша табудың бұл жолын жақында ойлап тапқандарын айтты: олар ломмен және қолдан жасалған заттармен қаруланып, ауданда ұрлық жасай бастады. Қаскөйлер ұрланған қалпақтарды металл қабылдау пунктіне тапсырып, одан түскен ақшаны өзара бөлісіп, жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Қалған кәріз люктері тәркіленді. Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс тергелуде. Олардың жалпы қала бойынша осыған ұқсас басқа да қылмысты жасауға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады», – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.  ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.