Телефоныңыз суға түссе қалай кептіру керек?

Телефоныңыз суға түссе қалай кептіру керек?
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Бүгінгі күні телефонсыз бір минут уақытыңыз өтпейді. Оның бетіне үңіліп, бір нәрсе көрмесек тұра алмайтын жағдайға жеттік. Сондықтан телефонды қызғыштай қорғаймыз. Әсіресе жауынды күні түпкі қалтаңызға тығып, су тиюден сақтайсыз. Бірақ, болмашы ғана өткен су телефоныңызды істен шығаратын кездер кездесіп жатады. Мұндай кезде не істеуге болады?

Алдымен құрылғыны өшіріп, оны қаптамасынан шығарыңыз. Сосын мүмкіндік болса батареяны шығарып, құрғақ шүберекпен немесе сүлгімен сүртіп, қалған ылғалды кетіру үшін оны шайқау керек. Мұнан кейін смартфоныңызды қосуға асықпаңыз. Кем дегенде бір күн кептіруіңіз керек. Кептеген құрылғыны қосуға ниеттенсеңіз шатасасыз. Себебі ішкі тұйықталудың салдарынан телефоныңыз жарамай қалу қаупі басым.

Сарапшылардың айтуынша, артық ылғалды минималды қуатта қосылған шаңсорғышты пайдалану арқылы кептіруге мүмкіндік бар.. Сондай-ақ, телефонды күріш немесе силикагельді шарларға салуға болады. Бірақ ескеретін жағдай, олар смартфонның бетіндегі суды сіңіреді. Құрылғының ішіндегі ылғалды кептіре алмайды. Сонан соң тағы бір есте сақтайтын жағдай, суға түскен телефоныңызды тікелей күн түсетін жерде кептіруге болмайды. Құрылғы іші буланып, одан әрі су жиналуы мүмкін.