Tele2 түсініктеме берді

Tele2 түсініктеме берді
Сурет: ашық дереккөз

Tele2 мобильді операторы байланыста іркіліс болғаны туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Bercut компаниясы бағдарламалық қамтамасыз ету мен көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын желі элементтерінің биллинг бөлігінде апатты іркіліс пайда болды. Штаттық жұмыс режимі жақын арада қалпына келтіріледі. Tele2/Altel техникалық қызметтері барлық сервистерді қалпына келтіру бойынша шұғыл жұмыстармен айналысып жатыр. Tele2/Altel компаниясы абоненттерінен кешірім сұрайды»,-делінген хабарламада.

Tele2 абоненттері жуырда байланыстың нашарлығына шағымданған болатын.