Алматыда нөмірсіз көлікпен қарсы бағытта жүрген полиция қызметкері жазаланды

Алматыда нөмірсіз көлікпен қарсы бағытта жүрген полиция қызметкері жазаланды Сурет: Kolesa.kz

Алматы мен Алматы облысы шекарасында нөмірсіз көлікпен қарсы бағытта жүрген полиция қызметкері жазаланды


Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Оқиға 2 желтоқсанда таңертең Талғар тасжолы бойында Бесағаш ауылының маңында болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Оқиға куәгері таңғы сағат 7.00 шамасында «Mercedes» жүргізушісінің кептеліс кезінде қарсы жолаққа қалай шыққанын камераға түсіріп алған. Желі қолданушы жүргізушінің полиция формасында және көліктің нөмірсіз болғанын айтты. Алматы қалалық полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, видеоға патрульдік полиция полкінің қызметкері түсіп қалған. Ол бірқатар жол қозғалысы ережесін бұзған.



«Қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Полицейдің әрекетін Алматы полиция департаментінің тәртіптік комиссиясы қарайды, әрі қарай шаралар қолданылады», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22