«Тазы. Бабалар қазынасы» фильмі көрерменге жол тартады

«Тазы. Бабалар қазынасы» фильмі көрерменге жол тартады
Сурет: Inform.kz

ҚР Президенті Телерадиокешенінің «Тазы. Бабалар қазынасы» фильмі бүгін көрермен назарына ұсынылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Тазы Қазақстан аумағында жеті мың жылдан астам уақыт бұрын пайда болған деген болжам бар. ОБұл жануарды қазақ жеті қазынаның біріне балаған, асыл тұқымды иттің құны елу жылқы немесе бір-екі түйеден асады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ иттері мен тазы тұқымдарын сақтау және көбейту туралы» заңға қол қойды. Қазір қазақстандық кинологтар жақсы тұқымды иттердің ДНҚ-сын жинайтын генетикалық база құру туралы ойласып жатыр.

Табиғаттың осынау ғажайып туындысын ұрпақтарымыз үшін сақтап қалуға міндеттіміз.

Бүгін ҚР Президенті Телерадиокешенінің «Тазы. Бабалар қазынасы» фильмін төмендегі телеарналардан тамашалауға болады:

«Almaty TV» - 13:00;

«Жібек жолы» - 14:35;

«Хабар 24» - 16:30;

«Мир ТВ» - 17:00;

«Turkistan TV» - 17:20;

«КТК» - 18:10;

«Jetisu TV» - 18:35-те;

«Ел арна» - 21:50-де.