Тазалық жұмыстары жүріп жатыр

Жылда көктем келісімен Алматыда абаттандыру, тазалық жұмыстары бірінші кезекте қолға алынады. Биыл да дәстүрінен жаңылмаған сала мамандары қаланы қыс мезгілінен кейінгі түрлі қоқыс қалдықтарынан тазарту жұмыстарын бастап кетті.

Қазіргі таңда қаланың барлық аймағында тазалық жұмыстары күшейіп, көшелерді жуу, ортақ пайдаланатын жерлерді санитарлық тазалықтан өткізу, арықтарды қоқыс қалдықтарынан арылту жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр.

Сонымен қатар, қоршаулар, орындықтар, урналарды сырлау, әрлеу жұмыстары қолға алынып, шаһарды көркейту-көгалдандыру бағытындағы абаттандыру жұмыстары да қатар жүргізілуде.
Көшелерді тазарту жұмыстарына 835 арнайы техника жұмылдырылған. Оның ішінде 255 суару машинасы, 57 тротуар тазартқыш, 159 трактор және 1433 жол жұмысшылары бар.

«Ақшам-ақпарат»

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *