Талдықорғанда Ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындары басталды

Талдықорғанда Ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындары басталды
Сурет: Gov.kz

Жазғы ойындар 3 тамызға дейін жалғасады.

Жетісу өңірінде Ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындары басталды. Жарыс спорттың 12 түрінен өтуде. Оған еліміздің 14 облысынан 3 мыңнан астам спортшы қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жарыс бағдарламасына сәйкес, волейбол мен асық атудан «Жастар» спорт сарайында, грек-рим күресі, еркін күрес, қазақ күресінен «Өркен» спорт кешенінде, дзюдодан «Жастар 2» спорт кешенінде, шағын футболдан «Болашақ» стадионында, көгалдағы хоккейден «Бесарыс» стадионында, баскетбол 3х3-тен І.Жансүгіров атындағы университетінің спорт кешенінде, үстел теннисінен «Жетісу» теннис орталығында, тоғызқұмалақтан Жастарға қызмет көрсету орталығында, армрестлингтен Өтенай ауылдық округінің мәдениет үйінде өтеді. Жазғы ойындар 3 тамызға дейін жалғасады.

«Төрт жылда бір рет жалауын желбірететін бұл дода осыған дейін 2018 жылы Сыр өңірінде өткен болатын», - делінген Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.