Тағы екі өңір «жасыл» аймаққа өтті

Тағы екі өңір «жасыл» аймаққа өтті
Cурет: Ашық дереккөз

Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуал

12 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды,Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.

Кешегі мәлімет бойынша Атырау, Ақтөбе облыстары «сары» аймақта тұрған болатын.