Сәкен Бибосынов әйгілі Хасанбай Досматовты жеңді

Сәкен Бибосынов әйгілі Хасанбай Досматовты жеңді
Сурет: Кfb.kz

Біздің батыр жарады!

Ұлттық Олимпиада комитетінің дерегінше, Белградта бокстан әлем чемпионатының екінші жарыс күні жалғасып жатыр. Кешкі сессия Қазақстан және Өзбекстан боксшыларының жекпе-жегімен басталды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz

51 келі салмақта Сәкен Бибосынов пен Өзбекстан өкілі, Рио Олимпиадасының чемпионы Хасанбай Досматов кездескен болатын. Тартысты жекпе-жекте 5:0 есебімен Бибосынов жеңіске жетті. 

Сөйтіп, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов азулы қарсыласын жеңіп, келесі айналымға өтті.