Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар несиесін кейін төлейді

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар несиесін кейін төлейді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Еліміздегі екінші деңгейлі банктер су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтардың несие бойынша борышын өтеу мерзімін 3 айға дейін кейінге қалдыруға әзір.    

Қарызы бар тізімін тұрғындардың тізімін жергілікті әкімдіктер шығарады. Бұл тізімдерге кірген азаматтарға төлемді кешіктіргені үшін айыппұл мен өсімпұл салынбайды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығына сілтеме жасап.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы банктер су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған жеке және заңды тұлғаларға несие бойынша борыштарын өтеу мерзімін 2024 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымына дейін кейінге қалдыруға дайын екенін растады. 

Жақын арада банктер өз сайттарында және әлеуметтік желілерде кейінге қалдырылған борышты өтеу бойынша мерзімді ұзартуды ұсынудың нақты механизмдерін түсінжіреді. Сондай-ақ өтінімдерді беру алгоритмін және одан кейінгі әрекеттерді жариялайды.

Бүгін Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Үкіметтің, әкімдіктердің және "Қазақстан халқына" қорының қаржысын пайдалануды тапсырды.

Айта кетейік, "Қазақстан халқына" қоры су тасқынынан зардап шеккендерге 5 млрд теңге бөледі. Бұл қаражат үй құрылысына жұмсалады.