Студенттер үйінің қабырғасында «Алаш» қозғалысының көшбасшылары бейнеленді

Студенттер үйінің қабырғасында «Алаш» қозғалысының көшбасшылары бейнеленді
Сурет: Egemen.kz

Тәуелсіздікке - 30 жыл

Павлодарда Студенттер үйінің қабырғасында «Алаш» қозғалысының көшбасшылары бейнеленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Муралдың авторы - жас суретші Лаура Сейтқазинова. Ол 29 жасқа толмаған талантты суретшілер арасындағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тақырыбында «Стрит Art» үздік эскиз байқауында жеңімпаз атанған.

Павлодар педагогикалық университетінің тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Ольга Андрющенко Павлодар қаласы әкімдігінің өкілдеріне Студенттер үйінің ғимаратын муралды бейнелейтін орын ретінде таңдағаны үшін алғыс айтты.

«Алаш» сыйлығының иегері, ақын, қоғам қайраткері, Павлодар қаласының құрметті азаматы Арман Қани Керекуде ашылған муралдың өнер туындысы ғана емес, саяси идеологиялық мәні зор көрнекі құрал болып табылатынын айтты.