Сот шешімімен Қайрат Боранбаев екі айға қамалды

Сот шешімімен Қайрат Боранбаев екі айға қамалды
Сурет: Abai.kz

Тергеу әлі жүріп жатыр.

Сот Қайрат Боранбаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстауға санкция берді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттінің баспасөз қызметі мәлімет таратты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қаржылық мониторинг агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдікке ілінген Қ.С. Боранбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.

17 наурызда сот оның екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

 «Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы бойынша, тергеу мүдесіне орай басқа ақпараттарды жариялауға болмайды», - деп жазылған агенттіктің мәліметінде.