Смағұл Елубаев, жазушы, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Бұл саяси серпіліс қана емес, өзгерістердің бастауы

Смағұл Елубаев, жазушы, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Бұл саяси серпіліс қана емес, өзгерістердің бастауы
YouTube

Референдумға дауыс беру құқығы бар ел азаматы ретінде бүгінгі күнді ел келешегі үшін өз таңдауымды жасаудан бастадым. Таңғы 7.00-де №125 мектептің сайлау учаскесіне барып, азаматтық көзқарасымды білдірдім.

​Жалпы бүгін кез келген азамат болашағы үшін немқұрайлылық танытпайды деп сенемін. Референдум – елдегі жүргізіліп жатқан саяси реформалардың негізі. Бұл саяси серпіліс қана емес, өзгерістердің бастауы болады деген сенім бар.

Президент атап өткендей, саяси реформалар әрбір азаматтың ортақ ісіне белсенді және жасампаз қатысуды көздейді. Жаңа түзетулерге дауыс бере отырып, мен сыбайлас жемқорлыққа, саясат пен экономикадағы монополияға қарсы өз шешімімді қабылдап, таңдау жасадым.

Бүгін қаламызда күнде жайнап тұр, бұлда бір Алланның бізге деген көзқарасы оң екендігін білдіріп тұрғандай.