Шолпан СЫРҒАБАЕВА, көп балалы ана: Халық санының артқаны көңіл қуантады

Шолпан СЫРҒАБАЕВА, көп балалы ана: Халық санының артқаны көңіл қуантады
Сурет: Gov.kz

Биыл елімізде халық санағы болады екен. Төрт бала тәрбиелеп отырған мен қаракөздеріміздің көбейгенін қалаймын. Ұлан-байтақ құт мекеніміздің іргесін бүтін етіп ұстап тұруға адам капиталы қажет. Қазақ жұрты бір қауым ел болғанды жөн көреді. Ұрпақ өрбітіп, оған тәлім-тәрбие сіңіріп, азамат етсе, одан артық бақыт жоқ деп санайды. Шындығында да солай. Бұл - ғасырлар бойғы тәжірбиелердің жемісі. Көшпенділер «қой егіз тапса, шөптің басы айыр шығады» деп текке айтпаған демекпін.