Шоколад бағасы шарықтап кетті

Шоколад бағасы шарықтап кетті
Сурет: Dfermer.ru

Әлемде какао бағасы қымбаттап кетті.

Кейінгі 1,5 жылда ол 3 есе қымбаттаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Оған ауа райының қолайсыздығы себеп. Какаоның ірі экспорттаушылары – Батыс Африка елдері. Өңірді қуаңшылық жайлаған. Оның үстіне мұнда өсімдіктердің ауруы жиілеп кеткен. Содан шаруалар әдеттегіден аз өнім жинауға мәжбүр. Мұның бәрі шоколад бағасының өсуіне әкеп соқтырды.  

«Бұл жолы жинаған өніміміз әдеттегіден 30%-ке аз. Какаоға сұраныс әрқашан жоғары. Ұсыныс аз болғасын, өнім де қымбаттай бермек. Өндірушілердің біразы шоколад бағасын көтеріп жіберген», - дейді шаруа Баламин Коне.