Оқушылары қашықтан оқиды

Оқушылары қашықтан оқиды
Сурет: Ашық дереккөз

Шымкентте ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Шымкенттер күшті желге байланысты мектептер онлайн оқуға көшірілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл жайында Шымкент қаласының білім басқармасынан мәлім болды.

«5 мамыр күні ауа райының колайсыздығына байланысты 1-8 сыныптар қашықтан окыту форматына ауыстырылады. Балаларыңызды дауыл қаупінен сақтаңыздар», - деп хабарлады басқарма басшысы Facebook парақшасында.

Қазгидромет синоптиктері Шымкентте ауа райына байланысты ескерту жариялаған.

4-5 мамырда қалада шығыстан қатты жел соғады, екпіні - 15-20, күндіз кей уақытта 25 м/с жетеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында кей мектептер және Кентау қаласында бастауыш сынып оқушылары онлайн оқитыны хабарланған.

Кеше Кентауда күшті жел мектеп пен колледждің шатырын ұшырып әкетті.