Шілде айында қазақстандықтар неше күн демалады?

Шілде айында қазақстандықтар неше күн демалады?
Сурет: Nur.kz

Бес күн жұмыс жасайтындар 11 күн демалады.

Қазақстандықтар 2022 жылдың шілде айында екі мейрамды атап өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.

  • 6 шілде – Астана күні
  • 9 шілде – Құрбан айт

6 шілде мемлекеттік мейрам сәрсенбі күніне келгеніне қарамастан, уақыты өзгертілмей, апта ішінде бір күн демалыс болады.

9 шілде мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтілетін Құрбан айттың бірінші күніне келеді. Айт мейрамында қазақстандықтар Еңбек кодексінің 84-бабында көрсетілгендей бір күн демалады.

Осылайша келесі айда аптада бес күн жұмыс жасайтындар 11 күн демалады, ал алты күн жұмыс жасайтындар 7 күн демалады.