Шемішкенің біз білмейтін қандай пайдасы бар?

Шемішкенің біз білмейтін қандай пайдасы бар?
Сурет: Stan.kz

Шемішкенің пайдалы қасиеттері бар

Бұл туралы диетолог дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Михаил Гинзбург айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, ол жүрек, тері, тырнақ пен шаш үшін пайдалы. Сонымен бірге, құрамында магний көп болғандықтан, шемішке орталық жүйке жүйесін тыныштандырады. 

«Соңғы кездері анықталғандай, селен - шаш, тері, тырнақ үшін ғана емес, сондай-ақ, жүрек-қан тамырлары жүйесі үшін аса маңызды минерал», - деп нақтылады сарапшы Ресей телеарналарының біріне берген сұхбатында. 

Диетологтың сөзінше, күнбағыс майының құрамындағы Е дәрумені тамырдың ішкі қабырғаларын атеросклероздық зақымданудан қорғауға көмектеседі.