Шайбалы хоккейден Президент кубогына қандай командалардың қатысатыны анықталды

Шайбалы хоккейден Президент кубогына қандай командалардың қатысатыны анықталды
Сурет: Olympic.kz

Шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогы турниріне биыл қандай командалардың қатысатыны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған турнир Құрлықтық хоккей лигасы турниріне дайындық ретінде жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Биыл турнирге Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Автомобилист» (Екатеринбург), «Металлург» (Магнитогорск) және Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командалары қатысады.

Жарыс биыл 16 және 19 тамыз аралығында елордада болады.