Шанхайдан Гамбургке жаңа маршрут пайда болды

Шанхайдан Гамбургке жаңа маршрут пайда болды
Сурет: Seanews.ru

Жаңа бағыт!

Шанхайдан Қазақстан аумағымен Гамбургке теміржол жүк тасымалы ашылды. Жаңа бағыт бойынша алғашқы тауар пойызы жолға шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

«Шанхай экспресі» неміс қаласына киім-кешек, автобөлшектер, күн батареялары, ыдыс-аяқ, жиһаз сынды әртүрлі қажетті заттарды жеткізеді. Тауарлар 40 футтық 50 контейнерге жүктелді. Пойыз Гамбургке екі апта ішінде жетеді. Ол Қазақстан, Ресей, Беларусь және Польша арқылы транзиттен өтуі тиіс.

Ал қайтарда 4-ші Қытай халықаралық импорттық ЭКСПО көрмесіне қатысқан неміс компанияларына тиесілі өнімдерді жүктеу жоспарлануда.

Шанхай кеденінің ақпараты бойынша, тауарлар межелі жерге апта сайын келетін болады.

Болашақта Қытай-Еуропа теміржол жүк тасымалы аясында қосымша бағыттар ашылатынын айта кеткен жөн.