Алматы облысында «G4 City» жаңа шаһары пайда болады

Алматы облысында «G4 City» жаңа шаһары пайда болады
Сурет: Total.kz

Сингапур мен Қазақстан жаңа қала салады

Мегаполис Алматы-Қапшағай тасжолы бойында орналасады. Ол іскерлік және қаржы орталығы, медициналық, өнеркәсіптік және логистикалық хаб, туризм және ойын-сауық сынды төрт ауданнан тұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

«G4 City»-ге арнайы экономикалық аймақ мәртебесі беріледі. Халықаралық әуежай салып, Сингапурмен тікелей әуе қатынасын ашу жоспарда бар. «G4 City» Орталық Азиядағы жаңа экономикалық хабқа айналып, Қазақстан экономикасына шетелдік инвестициялардың одан әрі өсуіне елеулі серпін береді деп жоспарланып отыр.

 «Біз бұл жобаға ерекше мән беріп отырмыз. Осылайша мұнда жұмыс істеуге, өмір сүруге қолайлы жағдай жасамақпыз. Бұл қалада 2 млн адамға арналған тұрғын үйлер кешенін саламыз. Барлығын жұмыспен қамтимыз. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жобаға үлкен қолдау көрсетіп отыр», - дейді «Surbana Jurong Group» бас директоры Вонг Хеанг Файн.