ҰҚШҰ-ның ресейлік бітімгерлері Қазақстаннан кетті

ҰҚШҰ-ның ресейлік бітімгерлері Қазақстаннан кетті
Cурет: РИА Новости

Алматы» аэродромынан барлығы 19 ұшақ ұшып кетті

ҰҚШҰ құрамындағы Ресей бітімгерлері Алматыдан Мәскеу облысындағы «Чкаловский» әуежайына ұшып кетті,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақстандағы ҰҚШҰ бітімгершілік күштері құрамындағы ресейлік бөлімшелер Ресей әскери-көлік авиациясы ұшақтарына әскери техниканы тиеп, Алматыдан ұшып шықты», - делінген хабарламада.

Армения, Беларусь және Өзбекстаннан келген бітімгерлер 14 қаңтарда еліне оралды. Барлық бітімгер бөлімшені тұрақты орналасу пунктіне қайтаруды 19 қаңтарға дейін аяқтау жоспарланған.

«Алматы» аэродромынан барлығы 19 ұшақ ұшып кетті, олар Ресей Федеациясына ҰҚШҰ күштері құрамындағы ресейлік бітімгерлерді жеткізеді, - деп хабарлады Ресей Қорғаныс министрлігі.

«Қазіргі уақытта Ресей әскери-көлік авиациясының 19 ұшағы (18 Ил-76 ұшағы және 1 Ан-124 "Руслан" ұшағы) Алматы аэродромынан ұшып шықты», - делінген хабарламада.

Бүгінде ұшақтар әуе күштері бөлімшелерінің жеке құрамы мен жабдықтарын Мәскеу облысындағы «Чкаловский» аэродромына жеткізіп жатыр.
Бұған дейін 13 қаңтарда Алматыда ҰҚШҰ бітімгерлерін шығару басталғаны хабарланған болатын. Бұған дейін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының белорус бітімгерлері мінген он ұшақғы Қазақстаннан Минск облысына ұшып кетті.