Серік Күдебаев сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді

Серік Күдебаев сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді
Сурет: ашық дереккөз

Жақында ол сот үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі Алматы облысы полиция департаментінің сотталған бұрынғы басшысы Серік Күдебаев апелляциялық шағым түсіргенін хабарлады.

«Серік Күдебаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым 29 маусым сағат 15:00-де Жетісу облыстық сотында қаралады деп белгіленді», – делінген хабарламада.

Еске салайық, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев билігін асыра пайдаланды деп айыпталған. Тергеу мәліметтері бойынша, ол 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы облысының коменданты бола тұрып, Полиция департаментінің ғимаратынан шығып кеткен. Бүлікшілер сол жерден қару-жарақ ұрлап кеткен.