Сергей Лебедев: Дауыс беру барысында ешқандай заң бұзушылықтың болмағанын айтқым келеді

Сергей Лебедев: Дауыс беру барысында ешқандай заң бұзушылықтың болмағанын айтқым келеді
Сурет: Gov.kz

Оның айтуынша, Қазақстан азаматтары дауыс беруге белсенді қатысты. 

ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы Сергей Лебедев сайлаудың қалай өткені туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап.  

«Сайлау науқаны басталғаннан бастап біздің 10 бақылаушы өңірлерді аралап, дайындықты пысықтады. Ал кешегі дауыс беру барысына қысқа мерзімді байқаушылар түгел жиналып, барлығы 9 мемлекеттен 174 халықаралық бақылаушы дауыс беру барысын қадағалады. Дауыс беру барысында барлық өңірден түнге дейін ақпарат алып отырдық. Дауыс беру барысында ешқандай заң бұзушылықтың болмағанын айтқым келеді», - деді ол.