Сегіз балуан 4,5 млн теңгеден алды

Сегіз балуан 4,5 млн теңгеден алды
Сурет: Қазақ күресі қауымдастығы

Қазақ күресінен өткен «Дала қырандары» республикалық турнирінің жүлдегерлері белгілі болды. Жарысқа 64 балуан қатысты.

Олар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі салмақта белдесті.

Турнир қорытындысы: 

55 келі - Еркебұлан Қалымбеков (Солтүстік Қазақстан облысы)

60 келі - Ержан Еренқайыпов (Астана қаласы)

66 келі - Әкежан Билалов (Жетісу облысы)

74 келі - Батырхан Қайырбек (Солтүстік Қазақстан облысы)

82 келі - Заңғар Марат (Қарағанды облысы)

90 келі - Еңбек Сақтағанов (Қызылорда облысы)

100 келі - Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент қаласы)

+100 келі - Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау облысы).