Сағынтаевқа сауалыңыз бар ма?

Сағынтаевқа сауалыңыз бар ма?
Сурет:Qazaly.kz

Жауабын бүгін сағат 19.00-де «Алматы» телеарнасында ести аласыз.

Бүгін кешке, сағат 19.00-де «Алматы» телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасында мегаполис басшысы Бақытжан Сағынтаев тұрғындар сұрағына жауап береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мегаполис басшысының онлайн кездесуіндегі басты тақырыптар мынадай: 

«Сары» аймақ бойынша қандай шектеулер қолданылады? 

Қаланы абаттандыру жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?

Экономикалық-әлеуметтік даму.

Тікелей студияға +7 (727)-275-01- 02, +7 (727)-275-22-16 нөмірлеріне қоңырау шалып, сұрақтарыңызды WhatsApp: +7 (777)-046-33-33 нөміріне немесе әлеуметтік желілердегі телеарнаның ресми парақшаларына жазып жіберіңіз.  

Тікелей эфирді Almaty.tv сайтынан не болмаса телеарнаның YouTubeFacebook-тегі ресми парақшаларынан көре аласыздар.